Алматы әуежайында баланың үстіне әйнек құлап кетті

Бүгін, 07:18 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Алматы әуежайында ойнап жүрген баланың үстіне әйнек құлаған. Әйнектің сынығы баланың маңдайына тиді. Бұл туралы turkystan.kz хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, бала шамамен 7-9 жаста. Оқиға 4 шілде Алматы-Шымкент рейсін күтіп тұрғанда болған.

Әуежайдың баспасөз қызметі баланың перронға шығатын жаққа қарай жүгіргенін және витражды қорғауды байқамағанын мәлімдеді.

"Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері дереу әрекет етіп, әуежайдың медициналық қызметін, сондай-ақ жедел жәрдемді шақырды. Әуежайдың кезекші медицина қызметкерлері жедел жәрдем бригадасы жеткенше алғашқы медициналық көмек көрсетті", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуежай әкімшілігі емге кететін барлық шығынды өз мойнына алғанын айтып, ата-аналардан балаларын күту орнында мұқият бақылауды сұрады.