Әлем кубогі: Сабыржан Аққалықов чемпион атанды

6 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Сабыржан Аққалықов (75 келі) чемпион атанды.

Финалда Сабыржан үндістандық Рами Киванмен (Үндістан) қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшының белсенділігі байқалды. Нәтижесінде ол қарсыласын жеңіп, әлем кубогының чемпионы атанды.