Ким Чен Ынды өлтіруге тапсырыс берілген
Ким Чен Ынды өлтіруге тапсырыс берілген
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесі ел президенті Дональд Трампқа Солтүстік Корея президентінің көзін құрту және Оңтүстік Корея территориясына ядролық арсеналды тезірек орналастыру туралы ұсыныс жасады.
Пхеньянға қатысты астыртын әрі арнайы жасалған бұл жоспар АҚШ-қа Қытайдың төрағасы Си Цзиньпин келердің алдында жасалған көрінеді. Оның үстіне Ақ үй осыған қатысты Қытай дұрыс саясат ұстанады деп ойлайды. Мәселе мынада: бірақ ресми Пекин АҚШ-тың ыңғайына жығыла ма? Трамп командасының Оңтүстік Кореяға ядролық арсеналды орналастыру жөніндегі жобасын Қытай қабылдап отырған жоқ. Бірақ Вашингтон санкция салу арқылы және диплломатиялық қатынастар арқылы Қытай Солтүстік Кореяға ықпал ете алады деп санайды. Егер Пхеньян ядролық қауруды сынауды жалғастыра беретін болса, бұл орайда АҚШ соңғы шараларды қабылдайтынын мәлім етті.
Бірақ бұл тығырықтан шығудың төте жолы ма? Егер осы аймақта АҚШ өз жоспарын жүзеге асыратын болса, халықаралық жағдай тіпті шиеленісіп кетуі ықтимал. Оның салдары орны толмас талай қиындықтарға алып келеді.
–Бірақ бұл жақсы идея емес. Қайта мұндай жоспар Пхеньянның ашу-ызасын тудырып, қарсы іс-қимыл жасауға итермелейді, – дейді НАТО-ның Еуропа құрлығындағы біріккен қаруды күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Джеймс Ставридис.