«Бокспен тек мықты адамдар шұғылданады»: Тоқаев спортшыларымызға сәттілік тіледі

Бүгін, 16:17 / Нұрлан Әлинұр
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорда.

"Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, бүгін президент бокстан әлем кубогының финалын жанкүйерлермен бірге тамашалауға барды.

Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы Олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.

Қазақстан құрамасында қазір бес алтын, бір күміс және үш қола медаль.