Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде ішкі сырын өлеңмен жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сахнадан кететінін айтқан әнші енді өнерді тастамайтынын айтты.
"Бір кездері мен де адастым.
Қателестім.
Біреуді ренжіттім.
Біреудің үмітін ақтай алмадым.
Сол үшін шын жүректен кешірім сұраймын.
Бірақ жүрек әлі тірі.
Сенім әлі бар.
Мен енді бәрін қайтадан бастауға бел будым.
Өзімді — ішкі адамымды — қайта табуға тырысамын.
Отбасымның тірегі, елімнің азаматы, жастарға үлгі болғым келеді.
Астанаға көшіп келдік.
Жаңа қала. Жаңа өмір. Жаңа команда. Жаңа парақ.
Жаңа-ескі-жаңа продюсерімде қасымда.
Бәрі нөлден басталып жатқандай.
Жанымда сенетін жандар бар — солармен бірге қайтадан көтерілгім келеді.
Мен өнерден кеткен жоқпын.
Өнер — менің өмірім.
Бұл менің тынысым.
Мен әрдайым елімнің мәдениетіне, халқымның жүрегіне қызмет еткім келеді.
Кім қолдайды — рахмет.
Кім күмәнданады — түсінемін.
Бірақ мен енді бұрынғы Төреғали емеспін.
Мен — бүгінгі, шынайы, өмірге қайта оралған Төре ұлдарыңызбын!", - деді ол.