Әлем кубогі: Боксшы Санжар Тәшкенбай алтынға таласады

Бүгін, 02:12 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің алтын медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандық спортшы 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.

Жартылай финалда Санжар Тәшкенбай Әзірбайжан өкілі Субхан Мамедовқа қарсы айқасты.

Тартысқа толы жекпе-жектің нәтижесінде Санжар Тәшкенбай төрешілердің бірауызды шешімімен ақтық сынға жолдама алды.