Әлем кубогі: Алуа Балқыбаева финалға жолдама алды

Бүгін, 00:28 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҰОК

Алуа Балқыбекова бокстан Астанадағы Әлем кубогының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова елордада өтіп жатқан Әлем кубогінің финалына жолдама алды.

Қазақстандық боксшы 1/2 финалдық кезеңде Бразилия өкілі Каролин Барбоса Же Алмейдаға қарсы шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта Әлем кубогының алтын медалі үшін бақ сынайды.