Боксшы Айбек Оралбай Әлем кубогінің финалына жолдама алды

5 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: olimpic.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогінің жартылай финалында жеңіске жетіп, финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Оралбай жартылай финалда Әзербайжан құрамасының өкілі, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Махаммад Абдуллаевпен айқасты.

Кездесудің үшінші раундында отандасымыз қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, Айбек 6 шілдеде алтын медаль үшін жекпе-жек өткізетін болады.

Бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасынан 11 спортшы финалға шыққан болатын:

Назым Қызайбай (48 кг дейін)

Алуа Балқыбекова (51 кг дейін)

Виктория Графеева (60 кг дейін)

Наталья Богданова (70 кг дейін)

Надежда Рябец (75 кг дейін)

Елдана Тәліпова (80 кг жоғары)

Санжар Тәшкенбай (50 кг дейін)

Махмұд Сабырхан (55 кг дейін)

Сабыржан Аққалықов (75 кг дейін)

Нұрбек Оралбай (80 кг дейін)

Бекзад Нұрдәулетов (85 кг дейін)

Ал келесі спортшылар турнирді қола медальмен аяқтады:

Сағындық Тоғамбай (90 кг дейін)

Ертуған Зейнуллинов (65 кг дейін)

Аида Әбікеева (65 кг дейін)

Айдана Забынбекова (57 кг дейін)

Финалдық айқастар 6 шілде күні өтеді. Қазақстан құрамасы жарыстың шешуші кезеңіне 12 финалистпен қатысып, командалық есепте көш басына жақын орналасқан.