Тоқаев Арман Исетовты сыртқы істер министрінің орынбасары етіп тағайындады.
Президент екінші жарлығымен оны Қазақстанның Таиландтағы елшісі қызметінен босатты.
Роман Василенко Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы және Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымындағы (НАТО) Өкілдігінің басшысы болып тағайындалды.
Ол Марғұлан Баймұханның орнына келді. Василенко да бұрынғы қызметінен босатылды. 2022 жылдың қаңтарынан бастап ол сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
Ержан Елекеев Қазақстанның Кувейт мемлекетіндегі елшісі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Азамат Бердібай атқарған.
Еске салайық, 2025 жылдың мамырында Тоқаев Түркия, БАӘ және Эфиопиядағы жаңа елшілерді тағайындады.