Алаяққа көмектескен банкке айыппұл салынды, банк қызметкерлері тексеріліп жатыр

4 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Заң бойынша бейрезиденттерге шоттарды қашықтан ашуға және төлем карталарын шығаруға тыйым салынған. Жетісуда банк қызметкері шет мемлекеттің азаматына оның жеке қатысуынсыз есепшот ашқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Есепшот кейіннен интернет-алаяқтардың азаматтардан ұрлаған ақшасын аудару үшін пайдаланылған.

Банк Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214-бабының 4-бөлігі (қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы) бойынша жауапкершілікке тартылды.

1 000 000 теңгеден астам сомаға сот салған айыппұлды банк төледі.

Банк қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тэгтер:

Алаяқ банк Жетісу есепшот