Қазақстанның жүрегі, Еуразияның дәл ортасындағы заманауи қала – Астана әлем назарын өзіне аудартқан ерекше шаһар. Тарихы тереңде болмаса да, қысқа уақыт ішінде елдің саяси, мәдени әрі архитектуралық символына айналды.
6 шілде күні Астана қаласына 27 жыл болады. Аталған айтулы күнге орай елорда туралы қызық 10 дерек ұсынамыз.
1. Халық саны –1 566 566 адам (2025 жылғы 1 маусымға)
2. Ерлерге қарағанда әйелдер көп: 823 766 әйел, 742 800 ер адам
3. Астанада 6 025 сәби дүниеге келді (2025 жылдың І тоқс.)
4. Елордада 1 914 неке тіркелген (2025 жылдың І тоқс.)
5. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,52 жыл
6. ЖОО саны – 14 бірлік
7. Театрлар саны – 10 бірлік
8. Мұражайлар саны – 7 бірлік
9. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 295 179 бірлік (2025 жылғы 1 маусымға)
10. Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады