Египеттегі Хеопс пирамидасының құпиясы ашылды

Бүгін, 03:30 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Египет пирамидаларын құлдар емес, білікті жұмысшылар салғаны анықталды. Бұл туралы Египеттің көне мұралар жөніндегі бұрынғы министрі, танымал археолог Захи Хавасс Matt Beall Limitless подкастында мәлімдеді.

Археологтың айтуынша, оның командасы б.з.д. XIII ғасырда өмір сүрген жұмысшылар қалдырған белгісіз іздерді тапқан. Олар сондай-ақ пирамиданың оңтүстігіндегі жерлеу орындарын зерттеді.  Онда тас сүйреп бара жатқан мүсіндер мен 21 иероглиф қашалып жазылған. Мысалы, «пирамиданың бір жағына жауапты» және «шебер» деген жазулар бар.

— Бұл жаңалықтар құрылысшылардың құл болмағанын дәлелдейді. Егер олар құл болса, пирамиданың көлеңкесінде жерленбес еді, – деді Хавасс.

Оның айтуынша, жұмысшылар бірнеше топқа бөлініп жұмыс істеген: бірі тастарды кескен, бірі пішін берген, ал енді бірі құм үстінде ағаш шаналармен тасымалдаған. Олар үздіксіз еңбек етіп, әр он күн сайын демалған.

Айта кетейік, Хеопс пирамидасы — Гизадағы ең үлкен пирамида және ежелгі Египет сәулет өнерінің керемет туындысы. Ол – бүгінге дейін сақталған «Әлемнің жеті кереметінің» жалғыз нұсқасы әрі ең көнесі. Зерттеушілер оның жасы шамамен 4 500 жыл деп есептейді.

Тэгтер:

құпия Хеопс