«Ханшатырдың» артындағы жол жабылады

Бүгін, 11:27 / Алуа Арман
advantour.com

Астанада «Хан-Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының артындағы жол 7-9 шілде аралығында жабылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.

Достық және Қонаев көшелерінде жол жамылғысының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты жол бөлігі толықтай жабылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден алдын ала маршруттарын жоспарлап, қозғалыс ұйымдастырудағы мүмкін өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады", – делінген хабарламада.

Тэгтер:

жол жабылады Ханшатыр