Талдықорғандық оқушы Еуропадағы олимпиадада алтын жүлде жеңіп алды

4 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
gov.kz

Литвада өткен География пәні бойынша Еуропа олимпиадасында (EGeo) Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Алтын медальді еліміздің қоржынына Талдықорған қаласындағы №24 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы — Дарын Бекбол иеленді. Ол кіші (жасөспірімдер) санатында (12-15 жас) ең үздік атанды.

Қола жүлдені Шымкент қаласындағы НЗМ-нің 9-сынып оқушысы — Микаэль Почукаев жеңіп алды.

Негізгі (үлкен) жас санатында (16–19 жас) Қазақстан құрамасының қоржынына медаль салғандар:

Команданың жетекшілері мен жаттықтырушылары — республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегерлері Абай Дүйсен мен Ақберен Айжарық.

Айта кетейік, EGeo олимпиадасы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Басты мақсат — география және экология саласына қызығушылықты арттыру. Байқау үш кезеңнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тапсырма және дала туры. Барлық тапсырмалар ағылшын тілінде орындалады. 2024 жылы Қазақстан құрамасы алты медаль еншілеген болатын.

Тэгтер:

оқушы Талдықорған Еуропа география