Танымал әнші Балжан Бидаш Ақтау қаласына барып, оқырманының 13 жыл бойы күткен сәбиінің тұсауын кесті, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесіне бүлдіршіннің анасы өтініш айтқан.
«Ақтауға қош келдіңіз! Сізге қызымның тұсауын кестіріп алайыншы. 13 жыл балалы бола алмай, Алла Тағаланың мейірім түсіп, 13 жылдан кейін тапқан Бағым қызым», – дейді баланың анасы.
Әнші жанкүйерінің өтінішін жерге тастамай, сәбидің тұсауын кесуге келісім берген.
«13 жыл бойы жүрекпен күткен періште. Көзіндегі жасы да, күлкісі де өмірдің шынайылығы. Әр басқан қадамы берекелі, бағы ашық болсын, балапан! Ақтаудағы мейірім мен махаббат үшін рақмет!», – деп жазды Балжан Бидаш.