Әлем кубогы: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығатыны белгілі болды

Бүгін, 08:48 / Нұрлан Әлинұр
Фото: gov.kz

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 4 шілдеде ел құрамасынан кімдер шығатыны белгілі болды.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, бүгінгі жекпе-жектердің барлығы кешкі 19:00-де басталады. Бұл жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кешкі сессия. 19:00

2 жұп. 51 келі. Ширек финал

Алуа Балқыбекова - Юна Нишинака (Жапония)

4 жұп. 65 келі. Ширек финал

Сукйонг Канг (Оңтүстік Корея) -Аида Әбікеева

5 жұп. 80 келіден жоғары. Жартылай финал

Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан) - Елдана Талипова

6 жұп. 65 келі. Ширек финал

Хюго Грау (Франция) - Ертуған Зейнуллинов

8 жұп. 90 келі. Ширек финал

Сағындық Тоғамбай - Емра Ясар (Түркия).

Әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Бұл Олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болып отыр.

Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.