Қазақстандық танымал тележүргізуші әрі «Қызық Times» жобасының бет-бейнесі Еркебұлан Мырзабек үшінші мәрте әке атанып, осы қуанышты сәтпен бөлісті. Ол өзінің жаңа туған ұлымен бірге түскен алғашқы фотосын Instagram парақшасында жариялаған, деп хабарлады turkystan.kz.
Суретке шоумен: «Таңғы 4:35-те түсірілген фото. «Кезекшілікті қабылдадым. Анасы ұйықтап алсын» деп аталады. Баршаңызға осындай бақыт бұйырсын. Бұл менің жұбайым үшін ең бақытты 5 минут болды», – деп жазды Еркебұлан Мырзабек әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылары оған құттықтауларын жаудырды.
"Бауы берік болсын!", "Ер азаматтың 5 минуттық қолдауы 5 сағат, 5 тәулік демалыспен парапар", "Құтты болсын! Ғұмырлы болсын!" деп жазды көпшілік.