Сабыржан Аққалықов бокстан Әлем кубогінің финалына шықты

3 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы
ҰОК

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында канадалық Джошуа Офоримен өзара мықтыны анықтады.

Бірінші раундта Канада өкілі басымдық танытты. Алайда, жекпе-жектің екінші және үшінші бөлімінде Сабыржан Аққалықов керемет бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.

Осылайша, отандасымыз финалға шығу үшін бақ сынайды.

Тэгтер:

бокс финал Сабыржан Аққалықов