Астанадағы Әлем кубогі: Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді

3 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан елордадағы Әлем кубогінің ширек финалында техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта Филиппин өкілі Джуд Аарон Бадомен қолғап түйістірді.

Махмұд жекпе-жек барысында қарсыласын төрт рет нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға өтіп, кем дегенде Әлем кубогінің қола медалін өзіне қамтамасыз етті.

Тэгтер:

бокс Махмұд Сабырхан финал