Астанадағы мейрамханалардың бірінде өрт шықты

3 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
112

Бүгін Астанадағы мейрамханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Есіл ауданында орналасқан мейрамхананың өртін сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына жоғарылатылған дәрежеде күштер жұмылдырылған», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Кейінірек нақтыланған мәліметтер бойынша мейрамхананың ас бөлмесінде қуырғышта май жанғаны анықталды.

Өрт сөндіру қатты түтінмен және жеке автокөліктер мен тар жолдармен қиындай түскен.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Тэгтер:

Астана өрт мейрамхана