Алматы әуежайы аумағында бойжеткен полицейді көлігімен бірге сүйреп әкетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Аталған дерек түнгі уақытта болған. Қалалық Полиция департаментінің мәліметіне жүгінсек, тәртіп сақшысы жол ережесін бұзған көлікті тоқтатты.
Жүргізуші заңды талаптарды орындаудың орнына құжаттарды көрсетуден бас тартып, агрессия көрсетіп, қашуға әрекеттенген. Инспектор, автокөліктің қозғалысын тоқтатпақ болып көлік құралының капотынан бірақ шығып, бірнеше метрге дейін сүйреліп кетті.
«Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды: жол жүру ережесін бұзғаны және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот қаулысымен оған 30 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Алматы қаласының полициясы, полиция қызметкерінің қызметтік міндетін орындау кезіндегі заңды талаптарына бағынбау – бұл тек заң бұзушылық емес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке тікелей қатер екенін ескертеді.