Әнші Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай өзі бұрын солисті болған «Асыл» тобы жаңа атаумен сахнаға қайта шығатынын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz сайты KTK арнасына сілтеме жасап.
Репертуары мен костюмдері де жаңарған топ шығармашылыққа білек сыбана кіріскен. Ал атауын «Илигай» деп өзгертіпті. Құрамында бұрынғы топ мүшелері, яғни Әли Оқаповтың жары Ақерке Бүркітбай мен Ғалия Мұратова бар. Сондай-ақ Райхан есімді ару қосылған. Қобызшы қыздар енді жаңа әндерімен тойларда концерт беріп жүр.