Боксшы Нұрбек Оралбай Әлем кубогінде жартылай финалға жолдама алды

3 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

Бокстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде финалға шығу үшін бақ сынайды.

3 шілдеде ол 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Лакшья Чахарамен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты турнирден бас тартты.

Осылайша, Оралбай жартылай финалға жолдама алды.

Тэгтер:

бокс Нұрбек Оралбай финал әлем кубогі