«8 жасынан бастап»: Павлодарда өгей қызын жеті жыл бойы зорлаған ер адамға үкім шықты

3 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

2017 жылы қыздың анасы ер адаммен бірге тұра бастаған. Өгей әке 8 жастағы қызға алғаш рет сол кезде қорлық көрсеткен. Ол кезде бұл отбасы Шығыс Қазақстанда тұрған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кейін Павлодар облысына көшіп келген. Өгей әке мұнда да қызды қорлауын қоймаған. Бала тек 2024 жылы бар жағдайды мұғаліміне айтып берген. Педагого қызды гинекологқа апарып, тексертіп, полицияға арыз берген.

Қылмыстық іс Павлодарда қаралып, ер адам кінәлі деп танылды. 44 жастағы өгей әке 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ моральдық шығын ретінде 8 млн теңге төлеуге міндеттелді.

Отбасында төрт бала болған. Екеуі бірінші некесінен, екеуі сотталған адамнан.

Тэгтер:

Өгей әке зорлық педофил қорлық үкім