BBC подкастында Apple компаниясының бас директоры Тим Кук өзін өмірлік және кәсіби тұрғыда қалыптастырған алты кітапты бөлісті. Бұл туындылар әділет, көшбасшылық, табандылық пен адамгершілік жайлы. Куктың айтуынша, бұлар – қазіргі қоғам үшін аса маңызды құндылықтар.
Тим Кук ұсынған 6 кітап:
1. Харпер Ли – «Құйқылжық торғайды ату»
Нәсілшілдік пен әділетсіздік тақырыбын қозғайтын Америка әдебиетінің классикасы.
«Бұл – адамгершілік пен әділеттің мәнін түсіндіретін шығарма. Әр адам кем дегенде бір рет қайта оқуы керек», – дейді Кук.
2. Фил Найт – «Аяқ киім сатушы»
Nike компаниясының негізін қалаушының өмір жолы мен кәсіпкерлікке қатысты мемуары.
«Бұл – табыстан бұрын сенім мен табандылық жайлы кітап», – деп баға берді Тим Кук.
3. Пол Каланити – «Тыныс ауаға айналғанда»
Өліммен бетпе-бет келген нейрохирургтің шынайы әрі әсерлі өмірбаяны. Кук бұл туындыны «керемет әрі мағыналы» деп сипаттады.
4. Малала Юсуфзай – «Мен – Малаламын»
Бір адамның дауысы әлемді өзгерте алатынын көрсететін кітап.
«Малаланың батылдығы мен сенімі шабыттандырады», – деді ол.
5/6. Мартин Лютер Кинг пен Бобби Кеннедидің өмірбаяндары
Көшбасшылық, принциптерге берік болу және әділет жолындағы күрес туралы. «Олар тарихты өзгерткен тұлғалар. Бұл өмірбаяндар кез келген адамды ойландырады», – дейді Кук.
Тим Кук жалғыз емес. Ірі компания басшыларының көбісі кітап оқуға аса мән береді:
– Уоррен Баффетт инвестициялық мансабының басында күніне 1 000 бетке дейін оқыған. Қазір де ол уақытын көбіне кітаппен өткізеді.
– Джефф Безос Amazon-да жоғары басшылықпен бірге бір күндік кітап талқылау отырыстарын өткізген.
– Билл Гейтс жыл сайын жазғы демалысына арнайы оқу тізімін жасап, бірнеше кітапты оқуды дәстүрге айналдырған.