«СК – Фармация» ЖШС-ның жаңа басшысы тағайындалды

3 шілде, 2025 / Алуа Арман
ҚР ДСМ

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып Нұрлыбек Асылбеков тағайындалды, деп жазады turkystan.kz.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлыбек Асылбеков «СК-Фармация» ЖШС-не тағайындалғанға дейін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

Нұрлыбек Асылбекұлы Асылбеков 1966 жылғы 24 маусымда дүниеге келген.

Білімі:

1990 жылы Шымкент қаласындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалын тәмамдаған;

2003 жылы – М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын,

2006 жылы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтын «Провизор», «Заңгер», «Экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сызақ ауданындағы «Фармация» АҚ-да провизор-технолог және бас маман қызметтерінен бастаған.

2002–2020 жылдар аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары, Алматы және Астана қалалары бойынша басқармалары мен департаменттерін басқарған.

2007–2009 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде бөлім басшысы болып жұмыс істеген.

Әр жылдары Астана қаласындағы Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінде, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінде төраға орынбасары қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директорының кеңесшісі болған.

Тэгтер:

СК – Фармация жаңа басшы Нұрлыбек Асылбеков