«Түнде болған жағдай»: Маржан Арапбаева жол апатына түсті

3 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Танымал әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырағанын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесінің сөзінше, оқиға түнде Астана бағытындағы трассада болған.

«Бір құдай сақтады. Астанаға зорға жеттік. Трассада жол апатына ұшырап, аман қалдық. Бір Алланың қалауымен үйімізге аман-есен жеттік. Түнде жолда болған жағдай. Ол да бір сынақ немесе абайлап жүр деген бір белгі шығар. Өмірді ерекше бағалап қалдық. Аман қалғанымыз бір тәңіріміздің қорғағаны. Сансыз шүкір!», — деп жазды әнші.

Тэгтер:

әнші Жол апаты Маржан Арапбаева