Болашақ идеядан басталады: «Арнұр Кредит» ұйымы ауылдағы жас кәсіпкерлерге қалай көмектеседі?

3 шілде, 2025 / Дана Ізтілеуова

Сенде идея бар, бірақ бастапқы капитал болмаған кезде саған тек ақша беріп қоймай, сенім артатын адам табу – аса маңызды. «Арнұр Кредит» мыңдаған жас қазақстандыққа осындай сенімді серікке айналып отыр. Аталған ұйым бұрын тек дала болған жерде бизнес жасайтындарға қолдау білдіріп, мүмкіндік беріп отыр. Бұл қалай іске асырылады? Ол жөнінде «Арнұр Кредит» МҚҰ Басқарма төрағасы Раушан Құрбаналаиевадан сұрап-білген едік.

– Еліміздегі, әсіресе ауылды жердегі шағын және орта бизнестің дамуы туралы сөз қозғалғанда, бұл саладағы көшбасшылар қатарында «Арнұр Кредит» МҚҰ-ның атауы қатар аталады. Компания құрылғалы бері тұрақты қаржылай жүйе құрып қана қоймай, сонымен қатар кәсіпкерлерді қолдауды мақсат еткен сенімді серіктес ретінде абырой-беделін қалыптастыра білді. Сіз басқаратын ұйымда жұмыс істеудің негізгі қағидалары қандай?

– «Арнұр Кредит»-тің  негізгі мақсаты – банк қызметтеріне қол жете бермейтін аймақтарда жұмыс істеу және шешім қабылдауға баулу, қол жетімді қылу. Ұйым құрған әлеуметтік бағдарламалардың, жұмыс шартының ашық болуы және тиімді тәсілдің септігінен бүгінде біз 25 000-нан астам клиентке қызмет көрсетіп, несиелік портфеліміз 60 миллиард теңгеден асты. Біздің ұйым ЕҚДБ (Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі), IFC, Азия Даму Банкі секілді халықаралық қаржы ұйымдарымен тығыз жұмыс істейді. Сонымен қатар, бірнеше жыл қатарынан Cerise+SPTF тұтынушылар құқығын қорғау стандарттары бойынша алтын сертификат алып келеміз. Дегенмен ең бастысы – біз бизнестің адамнан, әсіресе идея мен күш-қуатқа толы жастардан басталатынын түсінеміз.

– Сол себептен де сіздер жастардың бизнес жобаларын қолдауға айрықша көңіл бөлесіздер ме?

– Иә, әсіресе, ауылды жерде тұратын жастарға қолдау білдіреміз. Оларға қаржылай өнімдер, қаржылай емес қызметтер, тренингтер, курстар ұсынамыз. Тәлімгер де бола аламыз. Ұйым тек несие беруге ғана көмектеспейді, сонымен қатар жастардың арманын тұрақты жобаға айналдыруға септігін тигізеді.

– Раушан, компанияда жас кәсіпкерлерге бағытталған арнайы бағдарламалар бар ма?

– Әрине, бар. Біз бұл бағытты саналы түрде дамытып жатырмыз. 35 жасқа дейінгі жастарға арналған жеке несие желілері бар, оның ішінде оқыту модульдері де қарастырылған. Маңыздысы – біз тек ақша беріп қоймаймыз, клиентке бағыт-бағдар көрсетеміз. Мысалы, «Бизнестегі жастар» жобасы ЕҚДБ-мен бірге жүзеге асырылуда. Оның аясында бизнесті қалай тіркеу қажет, салық есебін жүргізу, табыс басқару, Instagram парақшасын жүргізу, өнім құндылықтарын анықтау, Jobs-to-be-Done картасы арқылы сұранысқа ие шешімдер әзірлеу сияқты дағдыларға үйретеміз. Сонымен қатар аз бюджеті бар кәсіпті дамытуға, жеке бренд қалыптастыруға, байланыс орнатуға көмектесеміз.

Біздің компания жасанды интеллект құралдарын, соның ішінде ChatGPT жүйесін қолданады. Бұл – несиені алып қана қоймай, оны сауатты түрде пайдалануға да жол ашады. Аталған бағдарлама аясында Алматы, Түркістан және Шымкент қалаларында 75 жас кәсіпкер бизнес дағдыларын дамыту курсынан өтті.

Нәтижесінде бұл бағдарлама жастар арасындағы кәсіпкерлікті ғана емес, сонымен қатар «Арнұр Кредиттің» болашақ клиенттері мен серіктестері қатарын да арттырады.

Сіздіңше, жастарға, әсіресе, кәсібін енді бастап жатқандарға қандай өнім шығарған дұрыс?

– Бәрі идея мен дайындық деңгейіне байланысты. Біз әрдайым талдаудан бастаймыз. Егер идея жақсы, бірақ тәжірибе аз болса, аз мөлшердегі несие ұсынамыз, кейін ол ұлғаюы мүмкін. Көптеген жас пельмень цехтары, фитнес залдары, гүл өсіру, кофеханалар ашу үшін несие алады. Төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі және икемді төлем кестелері бар бағдарламалар сұранысқа ие. Біз әр кәсіпкерді жеке қарастырамыз, өмірлік жағдайы мен жобаның әлеуетін ескереміз.

– Жобасы сәтті іске асқан, сіздермен жұмыс істеген жас кәсіпкерлерді атай аласыз ба?

–  Әрине, мұндай мысалдар өте көп. Мысалы, бұрын КВН-да ойнаған, қазір асаба болып істеп жүрген бір жас жігіт жуырда кәсіби аппаратура сатып алу үшін несие алжы, қазір тойларда табысты жұмыс істеп жүр. Тағы сол секілді ауылдан шыққан қыз біздің тренингтерге қатысқаннан кейін фитнес студиясын ашты. Бұрын өзінің бутигі болған, енді жеке студиясы бар. Тағы бір мысал: бес бала тәрбиелеп отырған әйел ауылды жерде балабақша ашты. Ол үй жалдап бастаған, қазір бұл ісі толыққанды мекемеге айналды. Бұл – идеяға сенімнің нәтижесі. Оған қоса біздің қолдауымыз да нақты нәтижесін берді.  Осы орайда тағы бір мысал келтіре кетсем. «Бизнестегі жастар» бағдарламасына қатысқан жас кәсіпкер Шымкент қаласында клининг бизнесін дамытып отыр. Жас кәсіпкер аталған бағдарламада алған білімі мен тәжірибесін жаңа деңгейдегі бизнесін дамыту ісіне пайдалануда. Ол бағдарламаға қатысу арқылы ол не ұтты? Шымкенттік кәсіпкер нарықта өз позициясын беки түсті, жобада оған жол көрсететін, нақты тапсырмалар беріп, оның орындалу барысын бақылайтын тәлімгері пайда болды. Оның алдағы басты мақсаты айқын – Қазақстандағы ең үздік клинингтік компанияға айналу, франшиза ретінде даму, операциялық жұмыстан шығып, оны әртараптандыру, одан бөлек қызмет түрлеріне дезинфекциялау қызметін және тағы басқа бағыттарды қосу.

– Сіздің ойыңызша, жастар неліктен басқа қаржы ұйымдарына емес, дәл сіздерге жүгінуге тиіс?

– Себебі біз қастарындамыз. Біз банк жоқ жерлерде жұмыс істейміз. Бізде күрделі бюрократиялық процедуралар жоқ, шешімдер жылдам қабылданады, ал сарапшылар ауыл бизнесінің ерекшеліктерін жақсы біледі. Бізде технологиялық карталар, бейімделген скоринг жүйесі бар – бұл нақты баға беруге және қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Біз тек несие беріп қоймаймыз, біз жастарды үйретеміз, бағыт-бағдар көрсетеміз, жобаларды талдаймыз және егер сенімді серіктесің болса, кәсіп бастау анау айтқандай қиын емес екенін түсіндіреміз.

– Жастарды қолдауға бағытталған қандай жоспарларыңыз бар? Жаңа бастамалар бола ма?

– Жас кәсіпкерлерге арналған жеке кредит беру бағдарламасы іске қосылды. Біз оны кеңейтпекпіз. Сонымен қатар, тренингтер мен кездесулерді цифрлық форматқа бейімдейміз. Біз үшін жастардың жұмысқа бола қалаға кетпей, өзі тұратын ауылында дамуына мүмкіндік беру әлдеқайда маңызды. Қазір амал-тәсілдер өзгеруде, бұрынырақта біз кафеде кездесуге баса назар аударатынбыз, ал қазір жастар іскерлік ортада, яғни коворкингтер мен бизнес орталықтарда кездескісі келеді. Біз мұны ескереміз. Ең бастысы, біздің де жастардан үйренеріміз көп. Олар амбицияға толы, креативті, шығармашыл. Олардың өсу жолының бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз.

Қазақстанның микроқаржы саласында Раушан Құрбаналиеваның есімі  тек қаржымен байланысты емес, сонымен қатар ол – жауапкершілікті бәрінен биік қоятын, өзі іске белсене араласатын мықты маман. Үш баланың анасы ретінде ол жас ұрпаққа мүкміндік берудің маңызын жақсы түсінеді. Оның кәсіп жүргізу тәсілі ресмиліктен ада, ол адамдарға шынайы сенеді. «Арнұр Кредит» тәжірибесі көрсеткендей, дәл осы сенім тұрақты болашақты басынан бастап, идея мен қолдаудан құруға көмектеседі.

Тэгтер:

несие Ауыл жастары ауылдағы жас кәсіпкерлер