«Ұлды болды»: Руслан Өтепбай сүйінші жаңалығын бөлісті

3 шілде, 2025 / Інжу Әлихан

Танымал журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын жария етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол бір жыл бұрын тұрмыс құрған қарындасы сәбилі болғанын жазды.

«Сүйінші, ағайын! Қарындасым мен күйеубалам ұлды болды. Ал мен көке атанып жатырмын.

Естеріңізде болса, қарындасымды тура бір жыл бұрын дәл осы күні ұзатқанбыз. Араға бір жыл салып, тура сол күні босанды. Маған да сіздерге де жұғысты болсын.

Аяқтарынан тік тұрып қызмет еткен Алматы қаласындағы №3 перзентхана ұжымына алғыс айтамын.

Әр ана аман-есен босанып, сәбиін бауырына алып, шаңырағына қуанышпен оралсын!», - деді журналист.

Тэгтер:

журналист Руслан Өтепбай