Ақмола облысының полициясы кәмелетке толмаған баланың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға Зеренді ауданында болған. 13 жастағы баланың денесін туыстары тауып алған.
Кейбір жергілікті пабликтер баланның бензиннен уланған болуы мүмкін екенін жазып жатыр.
Осыған байланысты полиция департаментінің баспасөз қызметі Зеренді ауданында 2 шілде күні кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қайтыс болудың нақты себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — деп түсіндірді ведомство.