Мемлекеттік кірістер комитеті маңызды үндеу жасады

Бүгін, 09:02 / Інжу Әлихан
Istock

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға ведомство басшылығы атынан мессенджерлер арқылы жіберілген жалған хабарламалар саны артқанын ескертті.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сенсек, мекеме басшылығының атынан WhatsApp және Telegram арқылы жалған хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Хабарламаларды интернет-алаяқтар таратып отыр.

"Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға шақырады және мынадай кеңестер береді: 

күмәнді хабарламаларға сенбеу; 

бөгде сілтемелерге өтпеу; 

белгісіз тұлғаларға ақша аудармау; 

алынған хабарламалардың шынайылығын міндетті түрде тексеру", - делінген мекеме хабарламасында.

Тэгтер:

ақша Мемлекеттік кірістер комитеті