Қостанайда 8 күн бойы ағаш басында отырған мысық құтқарылды

Бүгін, 07:21 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қостанайда 8 күн бойы биік ағаштың басынан түсе алмай отырған мысық құтқарылды, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-арнасында.

Қостанайда "112" қызметіне тұрғындардан үй ауласындағы биік ағаштың басында сегіз күн бойы мысықтың отырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына кезекші ауысым дереу шықты. Мысықтың биіктігі алтыншы қабат деңгейінде болғандықтан, ал бұтақтары тым жіңішке болғандықтан, автосатыны қолдану туралы шешім қабылданды.

Құтқарушылар жануар құлап кеткен жағдайда жарақат алмауы үшін құтқару төсенішін алдын ала жайып қойды.

"Барлық қауіпсіздік шаралары қолданылғаннан кейін құтқарушылар мысықты қолмен абайлап түсіріп, еш зақым келтірместен жерге жеткізді. Мысық мейірімді адамдардың қолына тапсырылды. Куәгерлер құтқарушыларға кәсібилігі мен жанашырлығы үшін алғыс айтты", - делінген ТЖМ хабарламасында.