Тарихшы Ахмет Тоқтабай Qalam.global.qaz жобасына берген сұхбатында ата-бабамыз сиырдың етін жемегенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«19 ғасырдың соңында, 20 ғасырдың басында орыстар қазақ жерін зерттеген, экспедициялары көп жүрді. Сонда қазақтың байығанын, ауқаттанғанын мынадан көруге болады дейді.
Ол бірінші қысқа, соғымға жылқы сояды міндетті түрде. Содан кейін жай ат мінбей, жорға ат мінеді. Содан кейін көп қымыз ішеді дейді. Осыдан қазақтың бай, ауқатты екені осы факторлардан байқалады дейді.
Сосын қазақ сиырды бұл кедейдің асы дейді екен. «Говядина пища бедных» дейді. Солай ашық жазған. Себебі қазақ сиырдың етін аса көп жемейді ғой. Бұрын жемеген. Енді Совет үкіметі келгеннен кейін бәрін дейтін болдық қой. Сол заманда аз жеген. Негізіген жылқы, қой жеген.Осы екі түлік. Сосын әрине түйе», — деді тарихшы.