Әлем кубогі: Ертуған Зейнуллинов 1/4 финалда

Бүгін, 05:40 / Нұрлан Әлинұр
Министрліктен

Қазақстан ерлер құрамасының былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалына өтті. 

Қазақстан ерлер құрамасының былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалына өтті.

Қазақстандық боксшы 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда. Жерлесіміз 1/8 финалда түркиялық спортшы Ахмет Пекельмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Ертуған Зейнуллинов айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды