Париж Олимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбекке көлік сыйға берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
J2 санаты бойынша дзюдодан 48 келі салмақта сынға түсетін параспортшыға су жаңа Kia маркалы көлік табысталды.
Көлікті еліміздегі кәсіби JENYS дзюдо клубының бас директоры, Қарағанды облыстық дзюдо федерациясының президенті Тимур Тұрсымбаев табыс еткен.
Айта кетейік, бұған дейін ол Әбиба Әбужақыноваға да су жаңа көлікті сыйлаған болатын.