Еркін Мәулен эстрадаға қайта оралды (ВИДЕО)

2 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы

Бұл жайында әнші Qazaqstan телеарнасының «1001 түн» бағдарламасында мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 10 жылдық үзілістен кейін сахнаға қайта оралғанын көпшілікке жария етті.

«Осы 10 жыл ішінде түрлі кәсіппен айналыстым. Көпшілік «өнерге не үшін қайта келдіңіз?» деп сұрайды. Бұл менің өнерге деген махаббатымның белгісі. Табыс әкеліп тұрған кәсіптен бас тартып, сахнаға қайта оралу – менің ішкі еркіндігімнің көрінісі», - деді Еркін Мәулен.

Тэгтер:

әнші сахна Еркін Мәулен