«Жұмыс істейтін кезің»: Такси жүргізушісі Ерболат Жанәбіловке ақыл айтты (ВИДЕО)

2 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы

Такси жүргізушісі 8 миллионнан астам оқырманы бар блогерге ақыл-кеңе айтып, жұмыс істеуге кеңес берді, деп жазды turkystan.kz.

Әңгіме көлік ішіндегі көңілді жігіттің қылықтарынан кейін басталған. Көлік жүргізуші блогергк жеке басына қатысты сұрақтар қойған. 

«Қызылордалықпын. Кіші жүзбін. Үйленгенмін. 3 балам бар. Отыздамын», – деген блогер.

Осыған байланысты жүргізуші өз ойын айтқысы келген.

«Отыз жас деген нағыз жұмыс істейтін кезің. 40-қа дейін жұмыс істеу керек. «Отызыңда орда бұзбасаң, қырығыңда қамал ала аламайсың» деген», – деді шофёр. 

Тэгтер:

көлік ақыл Ерболат Жанәбілов