Өзбекше ән салған Сәкен Майғазиев елді сүйсінтті (ВИДЕО)

2 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы

«МузАрт» тобының әншісі С. Майғазиев Өзбекстанда жүр, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол танысының қуанышына ортақтасу үшін арнайы барған. Отырыс барысында әнші танысы өз әнін айтып отырып, күтпеген жерден микрафонды Сәкенге ұстатқан. Ән ырғағынан жаңылмаған Майғазиев сөзін іліп әкеткен. Тосыннан айтылған ән болса да, ол бұл туындыны сәтті орындап шыққанға ұқсайды.

«Өзбекстанда досымыз той жасап, қуанышына ортақтасып қайттық. Күтпеген жерден өмірімде бірінші рет естіп тұрған әнімді Отабек бауырым бірге шырқайық деп қолқа салды. Бұйырса, келесі жолы жақсы орындап беремін деп үміттенемін», – деп жазды С. Майғазиев. 

Тэгтер:

әнші ән Сәкен Майғазиев Өзбек