Актер Рахман Омар кезекті той басқару салтанатында ерекше жағдайға куә болғанын айтты, деп жазды turkystan.kz.
Оның айтуынша, 70 жасты тойлауға мерейтой иесінің 100 жастағы анасы да қатысқан. Сондай-ақ ол жүктеген видеода қария өзінің мұндай жасқа бірінші - құдайдың, екінші - балаларының арқасында жеткенін айтқан.
«Бір ғасыр... 100 жыл өмір сүріп жатқан кейуана. Сөзі анық, ойы тың. Жаңылмай батасын беріп отыр. Осыдан асқан бақыт бар ма?!», – деп жазды Рахман Омар.