Ақтөбелік блогерлер скейтбордпен 5 елді аралаған

2 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Диапазон

Алматылық блогерлер Алмас Тнебаев (Chupa4upa) пен Байболсын Бисенов (BboyBaks) үш айда скейтбордпен 5 елді аралап шыққан, деп хабарлады turkystan.kz сайты Диапазонға сілтеме жасап.

«30 маусым – біздің сапарға шыққанымызға тура 103 күн болған күн. Сәуірде жолға шыққан едік. Ресей, Армения, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясын аралап үлгердік. Жоспарымызда тағы екі ел болған, өкінішке қарай, Грузияға кіре алмадық, ал Катарға үлгермедік. Біз электроскейтбордпен жүреміз. Бұл менің бесінші, ал Бакс үшін алғашқы саяхаты. Бірақ айтарым: саяхаттаңыздар, бірақ электроскейтбордпен емес! Ұшақпен, көлікпен жүрген дұрыс», – дейді блогер Алмас Тнебаев (Chupa4upa).

Блогерлердің айтуынша, скейтбордпен жүру – өте қауіпті іс. Себебі көлік қозғалысы кезінде зейінді болуды талап етеді. Сонымен қатар, жел, күннің ыстығы, жаңбыр – әрдайым жолсерік болмақ.

«Электроскейтбордтар Еуропадан, бірақ оларды Алматыда жинаған – бұл іспен біздің досымыз айналысады. Сағатына 60 шақырымға дейін жылдамдықпен жүре алады, бір қуаттандыру шамамен 70 шақырымға жетеді. Апгрейд жасауға болады – біз жақында жетілдіреміз, себебі ұзақ жолдан кейін шаршағаны байқалады. Күннен арафаткамен қорғандық, көзілдірік тағып, ұзын жеңді киім кидік. Шөл далада суымыз таусылып қалған кездер де болды. Дегенмен бәріне төзіп, Ираннан дер кезінде шығып үлгердік – соңғы жағдайларды ескерсек, бұл өте маңызды еді», – дейді Алмас.

Тэгтер:

Ақтөбе блогер скейтборд