Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңі аясында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз жарыс жолын ширек финалдан бастады. Ол бұл кезеңде жапониялық Шодай Котоға қарсы айқасты.
Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, отандасымыз кем дегенде Әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті.