1 млн теңге шайпұл алған даяшы көпшіліктің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

2 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Әлеуметтік желіде шайпұл ретінде 1 000 000 теңге алған даяшы қыздың эмоциясы көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлады turkystan.kz.

Дәмханада жұмыс істеп жүрген бойжеткенге келушілердің бірі миллион теңге көлемінде шайпұл қалдырған. Тосынсыйды көрген даяшы қыз қуаныштан жылап қалды. 

Жомарттық танытқан азамат блогер Бақытбай Сабырбек екені белгілі болды.

«Эмоция сыйлағым келді. Жақсылық қайтып келеді», - деп жазды ол.

Желі қолданушыларының бірі бұл әрекетті жомарттық деп бағаласа, бірі жақсылықты жария етпей, үнсіз жасау керек деп жазды.

Күтпеген ақшалай сыйлық алған қыз өз парақшасында алғысын білдірді.

«Ақшаның бір бөлігін керегіме жұмсадым, қалғанын шетел валютасына айырбастап, болашаққа сақтап қойдым. Бұл мен үшін өмір бойы есте қалатын сыйлық болды», – деп жазды ол.

Тэгтер:

даяшы шайпұл 1 млн