Доллар бағасы арзандады

2 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 518,37 теңгені құрап, 0,84 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің 2 шілдеге белгілеген ресми бағамы — бір доллар үшін 519,29 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 518,91 теңгені, сату бағамы — 520,64 теңгені құрайды. Астанада америкалық валютаны орта есеппен 516,65 теңгеге сатып алып, 522,66 теңгеге сатып жатыр.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі валюта нарығындағы жағдай туралы хабарлаған болатын. Мемлекеттік реттеушінің мәліметінше, маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1,7 пайызға әлсіреп, бір доллар үшін 519,73 теңгені құрады. Сонымен қатар, KASE-дегі күнделікті орташа сауда көлемі 238 миллион доллардан 235 миллион долларға дейін азайған. Жалпы сауда көлемі 4,7 миллиард долларды құрады.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор