Түркістан облысының әкімдігі талапкерлерге 100 грант бөлді

2 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Биыл күзде Түркістан қаласында халықаралық талапқа сай Woosong University Kazakhstan жоғары оқу орны ашылады. Аталған оқу ордасының құрылысы аяқталып, бүгінде талапкерлерді қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бастаманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Түркістан облысы әкімдігі бірлесе жүзеге асыруда.

Түркістан облысы әкімдігі тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша комиссия өткізіліп, қазіргі таңда 100 грант есептеліп, жергілікті мәслихат сессиясында қолдау тапты. Қабылдау комиссиясы Түркістан қаласындағы «Congress Hall» көпсалалы кешенінде орналасқан.
Заманауи ІТ университетінде 2 мамандық бойынша білім беру жоспарлануда және 2000-ға жуық студентке дейін қабылдай алады.

Мамандықтар: жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау; бағдарламалық қамтамасыз ету.

Тэгтер:

Әкімдік Түркістан Грант