Ресейлік боксшы Анастасия Лучкина Крымдағы хайуанаттар бағында орангутанға вейп шектіріп, оны видеоға түсіріп жариялағаны үшін кешірім сұрап, әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz news.sportbox.ru-ға сілтеме жасап.
Бұған дейін Ресей бокс федерациясы спортшының бұл әрекетін қатаң айыптап, оқиғаны тәртіп-этика комиссиясының бақылауына алынатынын мәлімдеді. Ұйым тиісті тәртіптік шаралар қабылданатынын хабарлады.
– Өкінішке қарай, жуырда мен әдепке сай емес әрекет жасап, оны желіге жарияладым. Қазір осы қылығым үшін шын жүректен өкінемін. Өзім жайлы айтар болсам, мен ішімдік ішпеймін, темекі тартпаймын, он жылдан астам уақыттан бері спортпен айналысып, жарыстарға қатысып келемін. Өкінішке орай, хайп үшін бұл видеоны жариялап жібердім. Менен бұрын да зообаққа келген кейбір адамдар маймылға темекі өнімдерін бергенін көріп, соларға еліктедім. Бұл әрекетім арқылы жануарға зиян келтіруді мүлде ойламадым, мен жануарларды өте жақсы көремін. Баршаңыздан кешірім сұраймын және мұндай жағдайдың қайталанбайтынына уәде беремін. Мен спорттағы мансабымды жалғастырғым келеді, себебі өзімді спортсыз елестете алмаймын, – деді Анастасия Лучкина.