Рақымшылыққа іліккен алғашқы қазақстандық бостандыққа шықты

2 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында рақымшылық жасалған алғашқы қазақстандық бостандыққа шықты. Ол Қостандай облысында жазасын өтеп жатқан. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.

Комитеттің мәліметінше, Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде шамамен 2 мыңдай адам жазасын өтеп жатыр.

Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында 300 адам рақымшылыққа ілінген. Бүгін солардың алғашқысы болып ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адам бостандыққа шыққан. Оны үйінде жары мен үш баласы күтіп отыр.

Айта кетейік, рақымшылық аясында бостандыққа шыққан жандарға жаңа өмірге бейімделуге, қоғамда өз орнын табуға, жұмысқа орналасуға, қажетті құжаттарды алуға және тағы да басқа көмек көрсетіледі.

Тэгтер:

Конституция бостандық 30 жыл рақымшылық