Маниса провинциясында сот 31 жастағы Өзжан Ташханды тұтқындады. Ол орман өртінің шығуына себепкер болған. Тергеу барысында жастығынан кене тауып, оны өртеп, жастықты аулаға лақтырғанын мойындаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Салдарынан өрт тұтанып, жалын ауыл шаруашылығы алқаптары мен орман алқабына тез таралған. Өрт 12 гектардан астам өсімдікті жойып жіберді.
Түркияның ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклының айтуынша, соңғы бес күн ішінде елде 340-тан астам орман өрті тіркелген. Бұған себеп ретінде аптап ыстық пен отқа ұқыпсыз қарау аталады.
Билік өкілдері өрттің қатты жел салдарынан бірнеше провинцияда таралып жатқанын атап өтеді. Маниса, Биледжик және басқа аймақтарда өртті сөндіру жұмыстары кең көлемде жүріп жатыр. Кейбір аудандарда жергілікті тұрғындар эвакуациялануда.
Бұған дейін біз Измирдегі ірі орман өрті жүздеген отбасының эвакуациялануына және халықаралық әуежайдың уақытша жабылуына себеп болғанын жазған едік.