Өрт қаупі жоғары: ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

2 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
ТЖМ

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазіргі уақытта елдің бірнеше өңірінде ыстық және құрғақ ауа райы туралы дауылды ескертулер жарияланды және сақталады. Бірнеше күн бойы жоғары өрт қаупі болады деп күтілуде.

ТЖМ тәулік бойы өрт жағдайының мониторингі бойынша іс-шаралар жүргізуде. Орман алқаптары бар өңірлерде әуе кемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды, ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды, өрт күзеттері қойылды.

ТЖМ азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Сергек болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, от жақпаңыз, қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеңіз.  Балаларға от пен сіріңке ойындарының қауіптілігі туралы түсіндіріңіз.

Есіңізде болсын: өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.

Тэгтер:

ауа райы өрт Ескерту ереже ыстық