Оралда инвесторға 33 млн теңге заңсыз айыппұл салынған

2 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Орал қаласының прокуратурасы «К5 экологиялық класты мотор отындарын өндіруді жаңғырту» инвестициялық жобасын іске асырып жатқан «Конденсат» АҚ-ның бұзылған құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот актісін зерделеу шеңберінде инвестордың негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Мәселен, валюталық түсімді репатриациялау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін «Конденсат» АҚ соттың қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 251-бабының 2-тармағы бойынша 33 млн теңгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Дегенмен, іс материалдарын зерделеу «Конденсат» АҚ шетелдік контрагентпен 32 млн ресей рублінен (163 млн теңгеден астам) астам сомаға сыртқы экономикалық шарт бойынша міндеттемелердің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес толық көлемде орындалғанын көрсетті.

Инвесторды жауапкершілікке тартуға негіз болған жоқ.

Қала прокуратурасының апелляциялық өтініші бойынша Батыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты, заңсыз сот актісінің күші жойылды.

Тэгтер:

Айыппұл Орал инвестор