«Заңсыз табыс – 917 млн теңге»: Оралда лицензиясыз микроқаржылық қызмет көрсеткендер ұсталды

2 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Орал қаласыныңтұрғындарына лицензиясыз микрокаржылық қызмет көрсеткен тұлғаларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бес жыл бойы күдіктілер «Жылдам ақша» деген атаумен кеңінен тараған филиалдар желісі арқылы азаматтармен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын микроқаржы келісімшарттарын жасаған.

Несиенің пайыздары бөлек шарт арқылы «кеңес беру қызметі» ретінде көрсетілген. Бұл қызметтер күдіктінің туысына тіркелген, олармен байланысы бар ЖШС арқылы рәсімделіп отырған.

Қарыз алушылар күнсайын 1,5% төлеуге мәжбүр болған, бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерлемеден 0,3% яғни  бес есеге артық.

Аталған заңсыз микроқаржы ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз алынған табыс көлемі 917 млн теңгені құрайды.

Соттың санкциясымен күдіктілердің мүлкіне – өндірістік коммерциялық нысан мен бір пәтерге – тыйым салынды.

Тэгтер:

несие қаржы микрокредит